Сынып – 5 «а»
Пәні - қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы
С.Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
Мақсаты
Поэмадағы Шоқан бейнесін жан –жақты талдау, сыни тұрғыдан баға беру. Оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау.
Күтілетін нәтижелер
Әңгіме мазмұнына сай талдау жасай алады, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді, өзіндік ой-пікір білдіреді.
Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар
С.Бегалиннің «Бала Шоқан» кітабы, ғаламтор материалдары, интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, кеспе қағаздар
Оқыту әдістері
Топтық жұмыс, «Болжау» стратегиясы, «Екі жақты күнделік», «Басбармақ», «Шеңбердегі доп» әдістері, сыни ойлау тапсырмалары
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
«Сәттілік шеңберін құру»
- Балалар, шеңбер болып тұрып, қағаздағы жазулар арқылы 3 топқа бөлінейік.
«Болжау» стратегиясы
-Бұл кімнің бойындағы қасиеттер деп ойлайсыңдар?
«Қайырымдылық», «Уәдеге беріктік», «Мейірімділік» қасиеттері арқылы 3 топқа бөлініп отырады.
-Балалар Шоқан бойындағы қасиеттері туралы өз ойын айтады.
Мотивациялық кезең
- «Кезбе тілші» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
- Шоқан кім? Ол жайында не білесің?
- Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
-Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?
-«Кезбе тілші» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралады. Бір оқушы тілші болып оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақ қойып, сұхбат алады.
Операциялық кезең
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
I топ «Шоқан» бейнесі
II топ «Жақып» бейнесі
III топ «Мысық» бейнесі
Берілген тапсырмалар бойынша, оқушылар постер қорғайды.
Әр топ өзіне түскен тапсырма бойынша әңгіме мазмұнына шолу жасап, кейіпкерлер бейнесін ашады.
Кейіпкерге мінездеме береді , оны шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетінен дәлелдеме келтіру арқылы қорғайды, дәлелдейді ,топ мүшелері бірін – бірі толықтырады.
Рефлексиялық кезең
I топ. «Екі жақты күнделік» әдісі
Мәтіннен үзінді
Неге таңдадың?
II топ. «Болашақ бала шақтан басталады» эссе жазу
III топ. Рөлдік ойын.
Оқушылар сыни ойлау тапсырмалары арқылы өз ойларын тақырыппен байланыстырады, түйіндейді, сабақты қорытындылайды.
Кері байланыс
«Шеңбердегі топ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
Бағалау
«Басбармақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөліседі. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы, бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде түсінгендеріне байқаймын.
Басбармақ жоғары қараса- «бәрін түсіндім».
Жан-жаққа қараса-«шамалы түсіндім»
Төмен қараса «мүлдем түсінбедім»
Үй тапсырмасын беру
«Бала Шоқан – дана Шоқан» тақырыбында эссе жазу