Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Бидайкөл ауылы №148 қазақ
орта мектебі, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Дүкенбаева Ақылай Ерғалиқызы
Сынып:11 Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздегі риторикалық канондар
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Шешендік сөздегі риторикалық канондардың маңызы, шешендік сөзді дайындаудың, ойды жеткізудің жолдарын меңгерту
2.Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, қызығушылығын және сөйлеу мәдениетін арттыру;
3.Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс жүйелі, көркем жеткізе білуге баулу
Сабақтың түрі : Іздендіру
Сабақтың типі: Жаңа
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер; Баяндау, талдау, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырылды 1.Үй жұмысы:
Тест сұрақтары
Баяндау
Тірек сызба
Жаттығу жұмысы
2.Жаңа сабақ. Балалар, біз өткен сабақта шешеннің өзін ұстау әдебіне тоқталдық, оның шешеннің өз ойын жеткізуде маңызды рөл атқаратынын білдік, Сонымен қатар шешеннің өз ойын жеткізуде алдын ала дайындық жұмыстары, жүйелілік, дайын тіл орамдарын ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Біздің бүгінгі сабағымыз осы қағидаттармен танысуға арналады
Мұғалім интерактивті тақта арқылы пікірлермен таныстырады
«Сөйлеу өнері – ойдың түпкі мазмұнын ғана айту емес, сонымен бірге оның барлық жай-жапсарын, нәзік жерлерін жеткізіп айта білу»
В.М.Теплов
«Сөз өнері бәйге секілді»
Габриел Маркес
Ойды жеткізе білудегі сөз өнеріндегі бәйгеде риторикалық канондарды жетік білу, оларды үнемі ескеріп, жүзеге асыру жеңіске бастайтын баспалдақтар. («канон» сөзінің мәні түсіндіріледі)
Оқушылар оқулықтан мәлімет алады. Өз түсінгендерін тақтадағы тірек сызбаны пайдалан отырып түсіндіреді
|
|||||
Жаңа сабақты түсіндіруді қорытындылау мақсатында ескерілетін басты қағидалармен танысып өтеді
3.Бекіту
154-тапсырма
- А.Байтұрсынұлының сөзін оқып, негізгі ойды анықтайды
- Риторикалық канондарға қатысты сөздерді теріп жазады
- Оның қай бөлімге қатысты екенін айтады
- «жалаң», «көрнекі» сөздеріне лексикалық талдау
- «шындығымен» сөзіне морфологиялық талдау
156-тапсырма
- «баспасөз» сөзін сөзжасам бойынша талдау
- «сөз саптау» сөзіне морфологиялық талдау жасау
- Ақын жүрегіне кек тұрмайды. (сөйлемге синтаксистік талдау)
- Мәтінді оқып, сөз құдіретін күшейтер адам бойындағы қасиеттерді табу
- Адам бойындағы табиғи қабілет пен шешендіктің байланысы жөнінде ой айту
|
Дәріскер |
жазушы |
айырмашылығы |
|
|
ұқсастығы |
|
4.Қорыту
1.Риторикалық канондар дегеніміз не? Кестені толтыру
Тақырыпты ойлап табу |
Мазмұнды ойды жүйелеп орналастыру |
Сөзбен көркемдеу
|
Есте сақтау
|
Сөйлеу барысы |
|
|
|
|
|
- «Шабытты ақын көңілі, қазір көз алдында дала емес - теңіз, кең тыныш теңіз жүзін көргендей. Сол теңізге, өмір тарих мол мұхитына бір кеме, жалғыз жалауын көтеріп жол тартты. Жалауында да «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «келешек» деген жағаға қарай тартты»
Жазушының осы сөйлемдердегі айтайын деген ойын жеткізу шеберлігін түсіндіру
3.«Шешендіктің баспалдақтары» атты тақырыпта ой толғау жазу
«Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ» деген екен жыраулар поэзиясының ірі өкілі Бұхар жырау, сондықтан ойымыздың жүйелі, көркем, сапалы жеткізуде риторикалық канондарды меңгеру бірінші шарт.
5.Бағалау
Үйге тапсырма
155-тапсырма
- Сұрақтарға жаап беру
157-тапсырма
- Берілген қаламгерлердің шешендік қасиеті, сөйлеу ерекшеліктері жөнінде мәліметтер таб