Сабақ тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сарсенбаев
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Мәтінге түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Дамытушылық: Оқушыларға Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы мәтінді оқытып, талдатып, «Көбік шашқан»күйін естіртіп, мазмұнын ашу арқылы ойлау, жүйелі әңгімелеу, дұрыс сөйлеуге бағыт беру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мәдениетке, өнерге баулу. Музыка арқылы әсемдікті сезінуге, рухани нәр алуға жетелеу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау, түртіп алу стратегиясы.
Технология: СТО
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.
Көрнекілігі: сурет, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд,Дина өмірі туралы слайд, кесте, суреттері, үнтаспа.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық жаттығу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Қызығушылығын ояту.
IV. Жаңа сабақ.
V. Мәтінмен жұмыс
VI. Сабақты бекіту.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық(оқушылардың назарын сабаққа аудару)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Үй тапсырмасы:
- Мәжит Сейфуллин кім?
- Сәкен Сейфуллин кім?
- Оқиға қай мезгілді суреттеген?
- Іңкәрбектің отбасы,тұрмыс жағдайы.
- Неліктен Іңкәрбек Сәкенге мұңын шақты?
- Омар неліктен секем алды?
- Сәкен қандай бала болды?
- Аналары қалай айналып,толғанушы еді?
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ: Халыққа жеткіз күйімді. Ә.Сарсенбаев.
- Қазақ халқының күйшілерінен кімдерді танисыңдар?
- Дина, Айгүл, Қазанғап, Дәулеткерей т.б.
- Бүгінгі сабақта біздер, қазақтың ұлы , данышпан күйшісі Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова туралы өтпекпіз. Дина Құрманғазының шәкірті. Дина кішкентай кезінен Құрманғазының күйлерін үйреніп, осы қазіргі кезге бізге жеткізген мұрагері деп білеміз. Өйткені ол кезде нотаға салу деген болған емес. Дегенмен де Дина күйлерді домбырада орындау арқылы нотаға түсіріп кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Құрманғазының күйлерін барлық жерлерде орындалып, үлкен оркестрлерде орындалып жүр. Оның күйлерін бишілеріміз де би ырғағына салып билеп сахна төрінде үлкен орын алды. Біз бүгінгі сабақта қарт Құрманғазының кішкентай қыз Динаның алғашқы кездесуі туралы білмекпіз.Ол әңгімені бізге Әбу Сарсенбаев жазған. Ал, Әбу Сарсенбаев кім? Ол сұраққа жауап беру үшін танысып алайық.Слайд:
Ал, Құрманғазы Сағырбаев деген күйші туралы мағлұмат алайық: Слайд:
Оқулықпен жұмыс: Слайд: Теңіз шуылын үнтаспадан жіберіп қою.
Келесі слайдтан «Көбік шашқан» күйін қосып қою.
«Көбік шашқан» күйін үнтаспадан жіберіп, Ой қозғау парақшасын толтырту.
Ой қозғау парақшасында жазған пікірлерін оқытып, тыңдату.
Бағалау, күнделіктері