Қазақ тілі 3 сынып Сабақтың тақырыбы:Бастауыш Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту; дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру; тәрбиелік – мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аукцион (оқушыларды екі топқа бөліп, аукцион сабағын өткізу арқылы осы тоқсандағы өткен тақырыптарды қайталап қорытындылау). Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау. Көрнекілік: тірек сызбалар, жетондар, көмекші құралдар. Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Бірінші топ – «Алғырлар». Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер. 1. Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр). 2. Бес жердегі бес – жиырма бес. (бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр). Қосымша қойылатын сұрақтар: Бастауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау. Екінші топ – «Сайыпқырандар». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер. 1. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. (етістіктен жасалған) 2. Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. (сан есімнен жасалып тұр) 3. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. (сын есім) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.
Қосымша қойылатын сұрақтар: Баяндауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау. Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Ой сергітеді,шашағандары басылады
|
|||
|
|||